Победа в Республиканском конкурсе научно-исследовательских работ
«Бала ғылым жолын қусын десең, бесігінде-ақ ғылым шоғын көсе» - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізу жақсы жолға қойылған. Балаларды ғылыми ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүргізілуде. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екені анық. «Кеше мен бүгін – біздің амалдарымыз, болашақ – біздің мақсатымыз» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.