Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №127"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 249-55-73
Приемная:
+7 (727) 233-47-65
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » Назар аударыңыз! 2025-2026 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау жарияланады!
19
август
2025

Назар аударыңыз! 2025-2026 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау жарияланады!




Таугүл 22 мекенжайында орналасқан "№127 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де қызметкерлер қажет. 

Бос лауазымға:
1.       Математика мұғалімі - 2 ставка;
2.       Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі - 1 ставка;
3.       Бастауыш сынып мұғалімі-2 ставка;
4.       Тарих пәнінің мұғалімі - 1 ставка;
5.       Физика мұғалімі - 1 ставка;
6.       Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі -2 ставка;
7.       Педагог-психолог-1 ставка;
8.       Ағылшын тілі мұғалімі 2 ставка;
9.       Профориентатор-1 ставка;
10.     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 ставка;
11.     Әлеуметтік педагог-1 ставка.

Конкурсқа қатысу үшін https://enbek.kz/ru Сайтына тіркелу қажет  және қажетті құжаттарды жүктеңіз.

Сайтқа Жүктелетін құжаттар:
1.       Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш*
2.       Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)*
3.       Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген)*
4.       Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері*
5.       "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)*
6.       Психоневрологиялық ұйымнан анықтама *
7.       Наркологиялық ұйымнан анықтама *
8.       Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы Сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік*
9.       Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
10.     Білімге, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейге қатысты қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: