ЖББМ №127" пән педагогтерінің бос лауазымдарына орналасуға Байқау жариялайды » Өскемен қаласы әкімдігінің "Общеобразовательная школа № 127" Управления образования г. Алматы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Общеобразовательная школа №127"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 249-55-73
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 233-47-65
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » ЖББМ №127" пән педагогтерінің бос лауазымдарына орналасуға Байқау жариялайды
16
Қыркүйек
2022

ЖББМ №127" пән педагогтерінің бос лауазымдарына орналасуға Байқау жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ !!!
«127 Жалпы білім беретін мектеп» КММ-де педагогінің бос  лауазымына тағайындау конкурсы өткізілетіні хабарланады:
  1. дене шынықтыру пәні мұғалімі - 1

Конкурс 2022 жылдың 20-қыркүйегі күні сағат 11:00де өткізіледі. Құжаттар электронды және қағаз түрінде қабылданады.
Мекен жайы:Таугул - 22 үй
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
       1) № 57 Бұйрығы   Қағидаларының 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
      10) №57 бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
       

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: